Еңбекті қорғау

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ) кәсіподақ қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.

Еңбек кодексінің 203-бабына сәйкес жұмыс берушінің және (немесе) жұмысшының немесе оның өкілдерінің бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылады. Оның құрамына тепе-теңдік негізде жұмыс берушінің өкілдері, жұмысшылардың өкілдері, соның ішінде техникалық еңбек инспекторлары кіреді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің құрамы жұмыс беруші мен жұмысшылар өкілдерінің біріккен шешімімен бекітіледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімі жұмыс беруші мен жұмысшы үшін міндетті болып табылады.

Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың кандидатуралары кәсіподақтармен ұсынылады және өндірістік кеңес шешімімен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының ұйымдарындағы және кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес туралы типтік ережелер

Қазақстан Республикасының ұйымдарындағы және кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор туралы типтік ережелер

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына мүше ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің 2017 жылғы жұмысы туралы ақпарат

2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының ұйымдарындағы өндірістік жарақаттанушылық жағдайы туралы мәліметтер