Ақ жол саған, жас маман!

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы  Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Атырау жоғары медициналық колледжін бітіруші түлектеріне диплом табыстауға арналған «Ақ жол саған, жас маман!» атты өткен салтанатты шараға қатынасты.

Салтанатты шарада Атырау жоғары медициналық колледжінің кәсіподақ ұйымының қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, ұжым беделіне ие болған бір топ белсенді және үздік студенттері «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы атынан ұлғыланды.

Үздік студенттерге Атырау аймақтық  Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалының заңгері Е.Сарсенғалиұлы облыстық филиал атынан  «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Сонымен қатар колледжде көп жылдар бойы, табысты еңбек атқарған дәрігер-оқытушылар Орынбаева Рашиля Аралбайқызы мен Нақпаева Амина Жұмашқызына зейнеткерлік еңбек демалысына шығуына орай, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалының   «Алғыс хаты» және қаржылай сыйлықтар табысталды.