«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалының белсенділері тұрақты негізде ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі адамдарға тұрмыстық және атаулы көмек ұйымдастыруда.

5 мамыр 2023 жылы «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, ауған жауынгерлерін, Чернобыль, Семей полигоны қатысушыларын Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан  артық  ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.

7 мамыр — Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні. Бұл тәуелсіз еліміздің өзіндік қорғаныс қабілеті бар екенін білдіретін мереке.

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні тарих төрінен орын алатын ұлы мереке. Міне, “Біз жеңдік!” деп сүйін­шілеген күнге де 78 жыл толып отыр.

Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің, халқымыздың даңқының жарқын көрінісі.

Ұлы Жеңіс күні — бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орны бар. Бүгінде қатары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалынан  өз тарапынан 70 адамға, тыл еңбеккерлеріне, ауған жауынгерлерін, Чернобыль, Семей полигоны қатысушыларын «DA RA Hall» мейрамханасында дастархан жайылып мерекелік шаралар өткізді,  960 000 теңге қаражат бөлінді. 

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Исаев Рустем Канапиевич, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің КЕАҚ ректоры Калиев Әсет Әскеұлы, Міндетті Әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Уразмагамбетов Алтай Узакбаевич,  мерекелік шараға қатысып  барлық ардагерлерді келе жатқан мейрамдармен құттықтады.

Кәсіподақ мүшелерінің еріктілері ардагерлерге Алғыс хат  табыстады, азық-түлік пакетімен әр отбасына жеткізді.

Өз кезегінде майдан даласынан аман оралған ардагерлер, сондай-ақ, тылда еңбек еткен қариялар: Бақтиярова Күлзипа Икласовна, Ахметова Анна Шариповна, Голополосова Клавдия Васильевна, Корват Александр Иванович, Попов Галерий Михайлович, ауған жауынгерлері Домбровский Николай Казимирович, Сактаганов Камаладин Даутбаевич, Сибагатова Гульсум Тулегеновна, Бекетов Бисен Кубайдулинович, Семей полигоны қатысушылары Баженов Серик Маукенович, Набиев Сейткерей Баракович (чернобыль)  «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалына қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіріп, олардың еңбектеріне табыс тіледі.

Сонымен қатар Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің КЕАҚ, Көпсалалы облыстық ауруханасының  кәсіподақ ұйымы өз тарапынан 68 соғыс ардегерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне  1 000 000 теңге көлемінде қаражат бөліп, азық-түлік пакетімен 10 000 теңге сомасында қаражат Сертификатын табыстады. Оған қоса, аудандық ауруханаларымыз, бастауыш кәсіподақ ұйымдары 115 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге, сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне 1 350 000 теңге көлемінде қаражат бөліп, азық-түлік пакетін жеткізді.

Ендеше егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйемізді бекем ұстап келе жатқан барлық Қазақстан азаматтарын төл мерекелерімен құттықтаймыз!