Қамқорлық» республикалық акциясы

Кәсіподақ күні аясында облыстың кәсіподақ саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, өңіріміздегі кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлестерін қосқан, қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыстағы Земко Галина Ивановна — 16 жыл ішінде бас бухгалтер қызметін, Гуськова Лидия Ивановна медициналық қызметкерлер кәсіподағы қалалық комитетінде төрайым, төрайым орынбасары, секретарь қызметтерін атқарған кәсіподақ ардагерлерін Павлодар облысы SENIM Жастар кеңесі облыстың салалық кәсіподақтары атынан ардагерлерді құттықтады.

Қадірлі ардагерлер жастарға жылы лебіздерін білдіріп, жұмыстарымызға табыс тіледі. Тәлім беретін аса құрметті ардагерлерінің қуанышты, бақытты күндері көп болсын, жылдан жылға жақсарсын денсаулығы.