Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі жалпы республикалық іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осыған байланысты, мерейтойлық іс-шараларды өткізуге «SENIM»Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалыҚәсіподақтар күні кәсіби мерекесіне орай іс-шараларжоспарланған.

Осыған орай 2021 жылдың 28 қыркүйегінде Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Әмірғалиев Алтынбек Аманұлымен және «SENIM»Ақтөбе облыстық филиалымен Мәртөк аудандық ауруханасының кәсіподақ бастауыш ұйымымен кездесуұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Бас кеңесінің шешімімен 2021 жыл «Үздік Бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жыл» – деп жарияланды. Мәртөк аудандық ауруханасы«Үздік Бастауыш кәсіподақ ұйымы 2021 жыл»ІІ орын жүлдесіне ийе болды.

Мәртөк аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесіп Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күні жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауының талқыланды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны қазіргі 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылданды.

Медицина қызметкерлері Жолдауды талқылап қолдау көрсетті.

Мәртөк Аудандық ауруханасының кездесу жоспары бойынша мерекелік шаралар өткізілді.

Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Әмірғалиев Алтынбек АманұлыМәртөк аудандық ауруханасының қызметкерлерін 10 қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақ күні мерекесімен шын жүректен құттықтап ерен еңбектері үшін 3 медицина қызметкеріне Құрмет грамотасытапсырылды.

Аудандық ауруханасының қызметкерлерін кәсіподақ өміріне белсенді араласқаны үшін «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Қайрат Сабыр мырзаның атынан 6 медицина қызметкеріне Алғыс хат және бағалы сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар іс-шара барысында Мәртөк аудандық ауруханасының зейнеткерлеріне сыйлықтар мен марапаттар берілді.

Мәртөк аудандық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен болған 18-35 жастағы медицина қызметкерлері арасында «Көңілді–старт» атты спартакиадиаға жалғасты.