Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ мүшелерін мараппаттады.

Кәсіподақ медицина саласының шынайы ұлылығын ашқан ақ халатты абзал жандардың кәсіби ерліктерін мойындаудан тыс қала алмайды. Дәстүр бойынша, кәсіби мереке қарсаңында кәсіподақ филиалының барлық мүшелік ұйымдарында мерекелік іс-шаралар өткізілді.

Іс-шарада өңіріміздің медицина қызметкерлері кәсіби мерекесіне орай «SENIM» кәсіподағының Құрмет грамоталарымен марапатталып, оларға гүл шоқтары, естелік сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табысталды.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде кәсіподақ мүшелері кәсіподақтың тұрақты назары мен қолдауына және олардың қажырлы еңбегін бағалағаны үшін алғыстарын білдірді.

Осы тамаша мерекеде ақ халат иелеріне шыдамдылық, күш, денсаулық, бақыт және кәсіби өсу тілейміз!!!