Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және мүшелерімен кездесу өтті.

2019 жылдың 11 шілдесі күні БҚО кәсіподақ орталығының  төрағасы А.Таспихов және ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚОФ төрағасы М.Кусаинов,  БҚО Еңбек инспекциясының инспекторы Г. Бердигалиева  кәсіподақ ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында Жаңақала ауданында кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және мүшелерімен кездесу өткізді.

Қатысушыларға кәсіподақтардың басты мақсаты мен міндеттері, еңбеккерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, әлеуметтік қолдауға қатысты кәсіподақтардың қоғамдағы рөлі жайында баяндалды. Сонымен қатар, осы бағытта кәсіподақтардың атқарып отырған қызметі туралы ақпарат берілді. Шараға қатысқан мемлекеттік еңбек инспекторы өз кезегінде БҚО еңбек инспекциясының қызметі туралы кеңінен баяндап, «Еңбек шартын жасаңыздар!» акциясы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау сұрақтарына аса мән беріп, облыс көлемінде нақты орындалған жұмыстар мен осы бағыттағы жоспарлары туралы айтты. Кездесуге қатысушылар еңбек шарты, ұжымдық шарт, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, кәсіподақ мүшелерінің құқықтары, оларға берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы, сонымен қатар өзекті мәселелері сұрақтарына жауаптарын алды.

Шара соңында Ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығының еңбекті қорғау жөніндегі инспекторі Е. Абілхайыров кәсіподақ қызметін дамыту мен жетілдіруге белсенді қатысып жүрген үшін Кәсіподақтар орталығы төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.