«Х Қайырымдылық балы»

2019 жылы 5 желтоқсанда Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» Ақтөбе облысы әкімдігі және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Ақтөбе облыстық филиалының қолдауымен жыл сайынғы дәстүрге айналған ауқымды шара «Х Қайырымдылық балын» өткізді.

Шараның негізгі мақсаты қоғамның назарын жетім балалар мен мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік мәселелеріне аудару болып табылады.

Ең алғашқы қайырымдылық балы 2009 жылы университеттің бас ғимаратында өткізілді. Он жыл ішінде «Қайырымдылық балынан» 30 миллион теңге көлемінде көлемінде қаражат түсіп, 200 әлеуметтік осал топтағы адамға көмек көрсетілді.

2019 жылы 5 желтоқсанда «Х Қайырымдылық балы» Ақтөбе қаласында өтті. Шара ауқымы жыл сайын өсіп келеді, азаматтардың назарына көптеп ілігіп, соның нәтижесінде мұқтаж жандар әлеуметтік және материалдық қолдау табуда.

Биылғы Х Қайырымдылық балы «Щелкунчик» стилінде өткізілді. Шара қатысушылары – дебютанттар мен өздерінің сырқаттарына (ДЦП, аутизм және басқа да көптеген) қарамастан қатысатын жастар.

Бал қонақтары – Ақтөбе облысының әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов, РҚБ SENIM Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Ақтөбе облысы филиалының төрағасы Қайрат Сабыр, депутаттар, бизнесмендер мен меценаттар, жастаржәне М.Оспанов атындағы БҚМУ қызметкерлері мен студенттері. Балдың арнайы қонағы сонымен қатар, Қазақстанның белгілі әртістері Мирас Жугунусов қатысты.

Қайырымдылық балы – тек зайырлы және мәдени шара ғана емес, сонымен қатар, қоғам назарын әлеуметтік мәселелерге аударудың тәсілі болып табылады. Жиналған қаржы мүгедектердің құқығын қорғауға, ауыр науқас балаларды, жетімдер мен мұқтаж отбасыларды емдеуге арналған ұйымдардың пайдасына жұмсалады. Шара ауқымы жыл сайын өсіп келеді, азаматтардың назарына көптеп ілігіп, соның нәтижесінде мұқтаж жандар әлеуметтік және материалдық қолдау табуда.