Халықаралық мейіргерлер күніне арналған облыстық кәсіби байқауы өз мәресіне жетті

Халықаралық мейіргерлер күніне арналған «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қызметінің үздік мейіргері — 2023», «Үздік ауылдық мейіргер – 2023», «Стационарлық қызметтің үздік мейіргері — 2023» облыстық кәсіби байқауы өз мәресіне жетті.

“Стационарлық қызметінің үздік мейіргері -2023” номинациясы бойынша:

1 орын — Туратова Сара — Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының мейіргері-“Сенім” кәсіподақ ұйымынан 100,000 тг қаржылай сертификат және Мейіргерлер қоғамдық бірлестігінен Алматы қаласына біліктілігін арттыруға жолдама алды.

2 орын — Мынбаева Гүлзат- Шу аудандық орталық ауруханасының мейіргері, “Сенім” кәсіподақ ұйымынан 70,000 тг қаржылай сертификат және Мейіргерлер қоғамдық бірлестігінен 15,000 тг сертифкат иеленді

3 орын — Макажанова Индира — Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының мейіргері — “Сенім” кәсіподақ ұйымынан 50,000 тг қаржылай сертификат және Мейіргерлер қоғамдық бірлестігінен 15,000 тг сертификат иеленді

Халықаралық мейірбикелер күніне орай ерекше көзге түскен кәсіподақ мүшелері Жамбыл облысының кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі және белсенді және жемісті еңбегі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің және Жамбыл облыстық филиалы атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен салтанатты түрде марапатталды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен көп жылғы адал еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін Талас аудандық орталық ауруханасының бас мейіргері Койлыбаева Сагдат Сейтхановна және № 7 қалалық емханасының мейіргері Андреева Жанар Тулкибаевна марапатталды.