Павлодар медициналық жоғары колледжінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шараларды өткізді

ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шараларды өткізу үшін Павлодар медициналық жоғары колледжінде іс-шараларды өткізу жоспары жасалды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес студенттер мен қызметкерлер қалалық іс-шараларға қатысты, колледж базасында студенттердің қалалық мәслихат депутаты, «Чернобыль одағы» ҚБ төрағасы В. Г. Деймунд және Жастар еңбек биржасының жетекшісі Дастан Козубаевпен кездесуі өтті. Сонымен қатар студенттер арасында түрлі плакаттар, оқулар сайысы, кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Барлық іс-шаралар қоғамдық санада Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын және Мемлекет басшысының негізгі бастамаларын белсенді түрде насихаттауға бағытталды.