Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының кезекті отырысы

«Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының кезекті жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында филиал төрайымы күн тәртібіндегі талқыланатын мәселерде сауықтыру жолдамалары, еңбек шартының орындалу барысын және сауықтыру жәрдемақысы барлық қызметкерлерге төленуі, еңбек демалыс кезінде, кемінде 14 күн демалып, қызметкердің жазбаша келісімімен жұмысқа шақыртуға болатындағын толық түсіндіріп айтып өтті.

Әрбір қызметкерге сауықтыру жәрдемақысының төленуін қадағалау бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының тікелей міндеті екенін айқындап айтты.Сонымен қатар отырыста бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары өздерінің сұрақтарын қойып,филиал заңгері,есепшісі сұрақтарға жауап берді.