Құрметті қазақстандықтар!

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Павлодар облыстық филиалы барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтайды!

Осыдан 30 жыл бұрын еліміз бірлік пен берекенің таңбасына айналған тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды.

Осы атаулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық, әр шаңыраққа бақ-береке, бақытты ғұмыр тілеймін!

Қазақстан өзінің бай дәстүрімен, бауырмал халқымен, ұлы тарихымен және кең мүмкіндіктерімен танымал бола берсін!