«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы, Атырау жоғары медициналық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымы колледж ұжымын және барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Әр адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен алақандарын сезінеді. Бұның бәрін медицина қызметкерлері ғана бере алады. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, сөнген үміттер қайтадан жалғанады. Мереке құтты болсын ардақты әріптестер!