ШЖҚ «Екібастұз қалалық перзентханасы» КМК-нің  санитары Динара Бекқожина қайырымдылық сертификатына ие болды

ШЖҚ «Екібастұз қалалық перзентханасы» КМК-нің  санитары Динара Бекқожина Павлодар облыстық «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ филиалының қайырымдылық сертификатына ие болды.

Медицина –ерекше сала. Адамның дүниеге келуі, әрі қарай оның денсаулығын нығайту мен өміріне араша түсу –медицина қызметкерлерінің қолында. Екібастұз қалалық перзентханасында біраз жыл бойы санитар болып істеп жүрген Динара Бекқожина 4 баланы жалғыз тәрбиелеп  отырған аяулы жан.

Өз ісіне адал, жауапты қызметкер жалдамалы пәтерде тұрады. Көпбалалы жалғызбасты ананың тұрмыстық жағдайын елеген перзентхана әкімшілігі облыстық  «SENIM» кәсіподағына материалдық көмек көрсетуге ұсыныс білдіріпті. Ұсыныс оң нәтиже беріп, 10 қазан кәсіподақтар күніне орай Динара Бекқожина 250 мың тенгелік қайырымдылық сертификатына қол жеткізді.

Аталмыш кәсіподақ ұйымы күні аясында перзентхананың жүктілер патологиясы бөлімшесінің аға акушері Мира Жұмақаева «Кәсіподақтың белсенді мүшесі» атанып, марапатталды. Сөз орайы келгенде айта кетер жайт, Екібастұз қалалық перзентханасының өз кәсіподағы да көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедек балалары бар қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетеді.