«Күзгі спорт апталығы — 2021» спорттық іс-шаралар байқауының қорытындысы жарияланды.

Бүгін «Денсаулық» мәдениет және демалыс саябағында медицина қызметкерлері мен қала тұрғындары арасында өткен «Күзгі спорт апталығы — 2021» спорттық іс-шаралар байқауының қорытындысы жарияланды.

Екі күннен бері «Денсаулық» мәдениет және демалыс саябағында медицина қызметкерлері арасында үстел теннисінен, жеңіл атлетикадан, футболдан және қала тұрғындары арасында скандинавиялық жүруден, йога жаттығуларынан түрлі байқаулар мен жарыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне келген облыс әкімі Б. М. Сапарбаев қатысушыларға денсаулықты арттырудың басты жолы — дене қозғалысы, салауатты өмір салтының қағидалары екенін баса айтып, ауырғаннан — ауырмаудың алдын-алуға және спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру сен насихаттау мақсатында белсенділік танытып, салауатты өмір салтына үлес қосқаны үшін «Алғыс» жарияланғандар:

1) Сапарғали Жабайұлы Тайшиков

2) Айнұр Асанбекқызы

3) Наталья Ивановна

4) Оксана Звягина;

5) Бибижан Садықбекова;

6) Мейрамкүл Оналбекқызы Кульбаева.

Жалпы, жарыстың қорытындысы бойынша:

1) Футболдан:

3-орын республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы командасына,

2-орын қалалық көп бейінді ауруханасы ұжымына,

1-орын — Меркі аудандық ауруханасы құрама командасына берілді.

«Жарысқа белсенді қатысқаны үшін» Байзақ аудандық ауруханасы да марапатталды.

Үстел теннисінен Оразбек Асет — облыстық балалар ауруханасының қызметкері жеңімпаз болып танылды.

Жеңіл атлетикадан, 100 метрге жүгіруден (кросс) —

Меркі аудандық ауруханасының қызметкері Алмабаев Мадияр жеңімпаз болып саналды. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар “SENIM” Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының арнайы сый- сияпатына ие болды.