Ақтөбе облысының жастар кәсіподақ белсенділерінің арасында «Квиз, плиз!» зияткерлік ойыны өтті.

03.10.2019 ж. Ақтөбе облысының жастар кәсіподақ белсенділерінің арасында өзара іс — қимылды нығайту және жастар кәсіподақ қозғалысын дамыту мақсатында алғаш рет «Квиз, плиз!» зияткерлік ойыны (викторина) өтті. Ұйымдастырушы — «Квиз, плиз!» халықаралық зияткерлік ойынының қолдауымен Ақтөбе облысының Кәсіподақтар Орталығы.

Зияткерлік ойынға Ақтөбе облысының салалық / жергілікті / бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жастар кәсіподақ белсенділерінен тұратын 16 команда қатысты. Жалпы 6 раунд қорытындысы бойынша «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының командасы 3 орынға ие болды.