Түлектерге диплом табыстау рәсімі

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы Талдықорған жоғары медициналық колледжінің үздік деп танылған 10 түлегін марапаттап қайтты.

Талдықорған жоғары медициналық колледжі және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағымен тығыз шығармашылық әрі іскердік қарым-қатынаста.

Медициналық колледждің 856 білімгерлері кәсіподақ мүшесі болып табылады. Студенттер түрлі мәдени-көпшілік шараларға тартылып, кәсіподақ жанындағы жастар кеңесінде мүшелік етеді.