Жамбыл облысында иммундау қарқыны

Жамбыл өңірі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» аймақта орналасқан. Бұл жерде тұрғындардың коронавирусты инфекциядан иммундау көзқарасы маңызды рөл атқарады. СЭБД мәліметтеріне сәйкес, облыстың 631300 ересек тұрғыны вакцинациялауға жатады.

Қазіргі уақытта азаматтар екпені медициналық ұйымдардың 118 кабинетінде ала алады, сондай-ақ 30 көшпелі егу бригадасы және 10 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап облысқа екі реттік вакцинация үшін:

— QazCovid-in немесе QazVac Қазақстандық вакцинасының 109 180 дозасы;

— Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірісінің «Спутник V» вакцинасының 1 компонент үшін 391 700 дозасы, 2 компонент үшін 370 660 дозасы;

— Hayat-Vax Қытай өндірісі вакцинасының 60 000 дозасы;

— CoronaVac Қытай өндірісі вакцинасының 34 000 дозасы;

— СинофармVeroCell Қытай өндірісі вакцинасының 124 000 дозасы жеткізілді.

Бүгінгі күні егу пункттерінде «Спутник V», «СинофармVeroCell, QazVac вакциналары бар. Облыс тұрғындарының 519 008(60,2%) 1 компонентті алды, вакцинация курсын 426 731 (67,6%) тұлға аяқтады.

Мақсатты топтар бойынша жағдай келесідей:

— 17 537 медицина қызметкерлері;

— 28 944 білім беру мекемелерінің қызметкерлері;

— 13 135 арнайы органдар қызметкерлері;

— 6 462 мемлекеттік қызметкерлер;

— 452 930 халықтың өзге топтары.

Облыстың СЭБД дәрігерлері атап өткендей, вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелмеген. Тұрғындарды иммундау науқаны жалғасуда.