Облыстың медицина қызметкерлерін құттықтау Павлодарда өтті

Мерекелік салтанаттың шарықтау шегі 15 маусымда Павлодар қаласының жағажайы Ertis Promenade сахнасында облыстық медициналық қызметкерлері құттықталды. Марапатталғандардың қатарында Денсаулық сақтау жүйесінде кәсіподақ қозғалысын дамытуға белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіпорындарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Облыстық кардиологиялық ораталығының кәсіподақ ұйымының төрайымы С. С. Абдраманова, марапатталды.

Ағымдағы жылы облыс бойынша орталық сахнада «Еңбек ардагері» — 5 адам; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» — 12 адам; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» — 13 адам; облыс әкімінің мадақтамасымен  — 11 адам марапатталды.

«2019 жылғы Денсаулық сақтау жүйесіндегі» өңірлік байқауының жеңімпаздары:

«Үздік медициналық ұйым» — Екібастұз қалалық ауруханасы;

«Павлодар облысының үздік ауылдық дәрігері» — дәрігер Б. К. Макатова, Павлодар ауданы Новочерноярка ауылы;

«Медициналық колледждің үздік оқытушысы» — Павлодар Жоғыры медициналық колледжінің оқытушысы Ш. Ж. Күлбекова;

«Павлодар облысының үздік медбикесі» – аға медбике Г. И. Асылбекова, Павлодар облыстық балалар ауруханасы;

«Павлодар облысының үздік фельдшері» –Павлодар қаласының №4 емханасы, фельдшер Мұсаева Г. Е.;

Медицина қызметкерінің жоғары шеберлігіне құрмет көрсету мақсатында 2012 жылдан бастап арнайы номинациялар бекітілді:

«ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ АЛТЫН СКАЛЬПЕЛІ» Ертіс аудандық ауруханасының хирург дәрігері, З. Н. Раздорская

«АЛТЫН ФОНЕНДОСКОП» Данель» МУ невропатолог дәрігері, облыстың штаттан тыс бас невропатологы С. О. Мұқатова

«ӨМІР СЫЙЛАЙТЫН АЛТЫН КОЛДАР» Екібастұз перзентханасының акушер-гинекологы Л. В. Даллакян

«ӨМІР ҮШІН ЕРЛІК» номинациясы 5 жасар Аэлин өмірін құтқару үшін ерлік жасаған С. Жұмабаев батырға тапсырылды.

Медицина қызметкерлеріне құремет көрсетудің соңында, мереке құрметіне, 19 маусымда облыстық денсаулық сақтау басқармасының акт залында, өткізілген республикалық конкурстардың қорытындысы бойынша   «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздік менеджері», «Қазақстан Республикасының үздік дәрігері», «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздік IT-қызметкері» номинациялары бойынша Павлодар облысының мамандарына берілді.

«SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы республикалық конкурстардың жеңімпаздарына сыйлық сертификаттарын табыс етті:

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздік менеджері 2019ж», ШЖҚ- дағы «Павлодар қ. №3 емханасы» КМК бас дәрігері К. С. Кабулов 100 мың теңге сомасына сыйлық сертификаты берілді; «Қазақстан Республикасының үздік дәрігері 2019ж.», дәрігер онколог, ШЖҚ-дағы «Облыстық онкологиялық диспасер» КМК бас дәрігерінің орынбасары, Т. Б. Альгожин 100 мың теңге сомасына сыйлық сертификаты берілді; «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздік IT-қызметкері 2019ж.», ШЖҚ-дағы «Павлодар қаласының №3 емханасы» КМК цифрландыру менеджері С. С. Рүстемханов 50 мың теңге сомасына сыйлық сертификаты тапсырылды.

«Тұрғын үй жағдайын жақсарту» бағдарламасы шеңберінде 1 млн., 392 мың теңге сомасына тұрғын үй сертификаты, Павлодар ауданы емханасының фтизиатр дәрігері М. С. Сексенбаева берілді.

Республикалық жастар форумына белсенді қатысқаны үшін «SENIM» кәсіподағының мадақтамасымен және 15 мың теңгеге сыйлық сертификатымен марапатталды: Токишев А. Т., «Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасы», Ноке Р. К., «Павлодар облыстық стоматологиялық емханасы», Жұматаева Б. Н., Павлодар ауданының емханасы, Камешева-Молдахметова М. А., «Павлодар облысының түберкүлезге қарсы балалар шипажайы»