«16-маусым медицина» қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кеңінен атап өтілді

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы  РҚБ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен  және  Атырау облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен

16-маусым медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өткізілді.

«Senim » кеңесі жастары мен жас дәрігерлерден құралған би тобы салтанатты шараны мыңм бұралған вальс биімен ашты.

Салтанатты шарада облыс әкімі  медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, үздік дәрігерлерді, облыс тұрғындарының денсаулығын сақтаудағы ерен еңбектері үшін облыс әкімінің «Алғыс хатымен», Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» және  «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төс белгілерімен марапаттады.

Марапатталушылардың арасында жастардың тәлімгер ұстаздары болып саналатын Мейрам Төлешев, Надия Ерғалиева, Ақылбек Бисенғалиев, Күләш Қаражанова, Сайын Шомиров есімдерін ерекше атауға болады.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау Министрлігінің  «Құрмет грамотасын» және «Алғыс хаты» бір топ медицина қызметкерлері марапатталды.

Мереке қарсаңында өздерінің негізігі жұмыстарымен қатар кәсіподақ жұмыстарына да белсене араласып жүрген бір топ  медицина қызметкерлері Қазақстан республикасы Кәсіподақтар  Федерациясының «Құрмет грамотасы» марапатына ие болды. Олардың қатарында облысқа танымал дәрігер — рентгенолог А.Гараздюк және орта буын медицина қызметкерлері А.Каймахова, З.Абиевалар бар.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының  «Кәсіподақ ардагері» төс белгісі облыстың ардагер-дәрігері Ү.Аққаденқызына табысталды. Үзілдік Ақкаденқызы 47-жыл бойына кәсіподақ мүшесі болып келеді.

Салтанатты шара  «Senim » жастары кеңесі мүшелерінің және медицина қызметкерлерінің күшімен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Жас маман дәрігерлердің орындауындағы попурри әндер мен домбырашылар тобы орындаған қазақтың күйлері көптің көңілінен шықты.

Кәсіби мерекеге арналған салтанатты шара жаңа форматта, жоғары деңгейде  өткізілді.