Қарағанды қаласының жедел көмек көрсету станциясының ұжымының атынан, бастауыш кәсіп одақ «Senim» ұжымын келе жатқан «Ұлыстың күнімен» шын жүрек құттықтаймыз.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы «Senim» -нің қолдауымен Қарағанды облысының жедел медициналық көмек көрсету станциясым «Наурыз мейрамына » орай мерекелік шаралар өткізілді.

12 наурыз күні Жезқазған және Сәтпаев қалаларының қосалқы станция аралығында «Жедел жәрдем жүйріктері» атты жарыс ұйымдастырылса,14 наурыз күні №1,№2,№3,№4,№5 және Теміртау қаласының қосалқы станциялар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

17 наурыз күні Балқаш қаласының қосалқы станциясында «Армысың әз Наурыз» атты кеш ұйымдастырылса,18 наурыз күні Теміртау қосалқы станциясында «Ұлыс оң болсын» атты мерекелік шаралар өткізілді.Қазақтың қанына сіңген «Қыз ұзату», «Сырға салу», «Бесікке салу», «Бет ашар», «Көрісу» сынды дәстүрлері жарыса көрсетіліп жатты.

Жоғарыда айтып өткен шаралар өзге ұлттармен бірлесе отырып өткізілсе , арттағы жас буын жастарымызға деген өнеге болғандай…..

Наурыз мейрамын тойлауға білек сабанып,белсене қатысқан әріптестеріміз кәсіподақ атынан арнайы марапатқа ие болып естелік сыйлықтар табысталды.

Қарағанды қаласының жедел көмек көрсету станциясының ұжымының атынан, бастауыш кәсіп одақ «Senim» ұжымын келе жатқан «Ұлыстың күнімен» шын жүрек құттықтаймыз.

Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай!

#kasipodaqkz #БКҰ21 #ҚРКФ #Қарағанды #БастауышКәсіподақҰйымыЖылы #НаурызМейрамы