«Атырау-ақпарат баспасөз клубы» орталығында «Дәрігер және науқас, әркімнің өз шындығы бар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ–нің Атырау облыстық филиалы 2019 жылдың 26-қыркүйегінде « Атырау-ақпарат баспасөз клубы » орталығында «Дәрігер және науқас, әркімнің өз шындығы бар» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде көтерілген басты өзекті мәселе, дәрігер мен науқас арасындағы қарым – қатынасы сөз болды.

Жыл сайын статистикалық мәліметтерге сүйенсек 200-600 жуық дәрігерге қарсы қылмыстық іс қозғалады екен. Сол қылмыстық істердің ішіндегі ең бастысы ҚР Қылмыстық кодекстің 317-бабы «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы» және 323- бабы «Жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу» сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 80-бабы «Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету» бойынша қозғалады екен.

Атырау облысында да осындай келеңсіз жағдайлар орын алуда. Соңғы кезде дәрігерлердің жұмысына салғырт қарауының арқасында адам өлімі соның ішінде ана өлімі, бала өлімі немесе нәрестелердің өлі туу есебінен өлім фактілері көбейді деген тұжырымдамалар айтылуда.

Осылардың барлығының да орын алуына бірбеткей тек «дәрігер кінәлі» деген айыптар да тағылуда.

Бұл тұжырымдама немесе айыптаулар қаншалықты шындыққа жатады?  «Балтыры сыздап, басы ауырған» әрбір науқас дәрігердің көмегіне жүгінері айдан анық. Дегенменде осы көмекке жүгіне отыра, кейіннен сол дәрігерлерге айыптаулар тағу бүгін үрдіске айналған сияқты.

Қазіргі таңда халық арасында көптеген түсініспеушіліктер орын алуда. Егерде науқас ауруханаға ауруы асқынған кезде келіп түсіп өлім фактісі орын алса, жүктілік кезінде жүкті әйелдердің дер мезгілінде күйеулерінің дәрігерлік көмекке жүгінуіне қарсы болса, жүктілік кезеңінде есепке тұруына қарсылық көрсетсе, ата-анасы балаларының екпе алуларына қарсылық білдірсе немесе әрбір қоғам мүшесінің өз денсаулығына салғырттық танытып денсаулыққа кері әсер ететін мінез-құлық факторларымен, яғни маскүнемдік, нашақорлық, жұқпалы жыныстық жолмен берілетін аурулардың әсерінен болған өлім фактілері орын алса осының бәрі дәрігердің кінәсі болып табыла ма? Онда қоғам үшін дәрігерлердің болғаны  қажет пе?

Ауруы асқынып келген науқасты, әлде жедел түрде түскен, ешқандай талдаулар мен сараптамалары жоқ науқастарға  көзге көрініп тұрған шағымдары бойынша дәрігер көмек көрсетіп 100 %  аман алып қалуға міндетті ме? Осындай жағдайлар салдарынан, яғни бұл науқастарды емдеу және көмек көрсету сатыларында дәрігер тарапынан дәрігерлік қателіктер орын алуы әбден ықтимал екені дұрыс ұғым ба?

Басқа көптеген шетелдерде дәрігерлік қателіктер үшін, дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалып дәрігерлерді соттау деген ұғым жоқ екен, осы туралы Үкіметтік сағат отырысы кезінде журналистердің қойған сұрағына ҚР ДС министрі Е.Біртанов мырза, осы дәрігерлік қателіктер үшін дәрігерді соттамау керекдеді, өйткені ол өмір мен өлім арасында жатқан науқасқа көмек көрсетуге ұмтылды, оның көрсеткен емінде, сол емге қажетті дәрі-дәрмекті таңдауда, сол көрсетілген көмек пен адам ағзасының қабылдауы есептелуі керек деген. Ал, егерде дәрігер сол медициналық көмекті көрсетуге мүмкіндігі бола тұра оны дұрыс өз дәрежесінде онда оған қылмыстық іс қозғалып заң алдында жауап беруі керек деді.

Жыл сайын, науқастар тарапынан медициналық қызметкерлерге қарсы қол жұмсау,ұрып-соғу, балағат сөздер айту көбейіп келе жатыр.

Осы тұрғыда көтерілген мәселелер кеңінен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен ақ халаттылар арасында кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатынасқан  «Атырау», «Прикаспийская коммуна» облыстық қоғамдық — саяси газеттері,  «Қазақстан-Атырау», «Caspian news» телеарналары, «Ақ Жайық» тәуелсіз газеті өкілдері қатынасқандарына үлкен рахмет айтамыз.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы М.Аймұрзиева, Атырау облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы орынбасары, заңгер Е.Ұзақбай, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасын бақылау комитетінің облыстық департаменті бас сарапшысы Б.Айташев, департаменттің заңгері А.Сарекенов, Жакиева Гүлнар Тұрабайқызы – тәуелсіз сарапшы, Атырау облысындағы ұлттық медициналық ассоциациялардың президенті; Намазгалиева Нүргүл Сатанқызы-Қазақстан медицина ұйымдары  Альянсынын Атырау облысы бойынша өкілі,  және медициналық ұйымдары директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары қатынасты.

Бұл кездесу медицина қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары өкілдерінің арасында талқыланып, адам құндылығы саналатын денсаулықты қорғау, әрбір Қазақстандықтардың, яғни қоғам мүшелерінің алдымен өз міндеттері екенін  соларға жеткізу еді. Қоғам мен қоғам мүшелеріне түсінік беру болған. Әттең, бұл кездесуге шақырылған  аймақтық құқық қорғау органдары өкілдерінің қатынаспай қалғандары өкінішті-ақ.