Наурыз мейрамы-көктем мерекесі!

Наурыз мейрамы-көктем мерекесі!

Наурыз айының 18 жұлдызында Наурыз мерекесі қарсаңында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп Наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шараларды өткізді. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында қазақтың тарихына, салт-дәстүріне арналған мерекелік концерттер мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды.

Барлық бастауыш ұйымдарда ұлттық тағамдардан жасалған дәстүрлі дастархандар жайылды. Сондай-ақ, театрландырылған көріністер ұйымдастырылып, ұлттық ойындар мен спорттық шаралар өткізілді.

Ерекше көзге түскен кәсіподақ мүшелері Жамбыл облысының кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі және белсенді және жемісті еңбегі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің және Жамбыл облыстық филиалы атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен салтанатты түрде марапатталды.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы Сіздерді Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтайды. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!