Кәсіподақтар төтенше жағдайында үзіліссіз жұмыс істеуде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия деп атаған коронавирустық індеті әлемде өршіп тұр. COVID-19 әлем бойынша адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтауға тікелей қауіп төндіруде.

Коронавирустың таралуы және экономикада теріс салдарлардың пайда болуы жағдайында әлеуметтік серіктестер — Атырау облысының әкімдігі, кәсіподақтар мен жұмыс берушілер облыс деңгейдегі әлеуметтік әріптестік негізінде осы әсерді жеңу бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін бірлескен шараларды қабылдауды жөн көреді.

Осы қиын кезеңде Атырау облысының кәсіподақтары барлық жұмыс берушілерді кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері үшін қажетті санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етіп, жаппай жұмыстан шығарудан, жұмыс орындарын қысқартудан және тиісті төлемдерді азайтудан бас тартып, сонымен қатар облысымызда коронарлық вирус инфекциясының алдын-алу, диагностикалау және емдеу шараларын жүргізуге тікелей қатысты медициналық қызметкерлерді жаппай қолдауды міндет деп санайды.

«Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұхановтың бастамасымен облыстық салалық кәсіподақтары медициналық қызметкерлерін екі мың дана көлемінде қорғау маскаларымен қамту шараларын қабылдады.

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіподағының Атырау облыстық филиалы стационарлық мекемелердің медициналық қызметкерлерін, соның ішінде коронарлық вирустық инфекциясын анықтайтын және емдейтін Атырау облыстық жедел медициналық жәрдем станциясын, №2 облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесін, уақытша және карантиндік станционарлардың жүздеген дәрігерлерін қолдау акциясын бастады. Кәсіподақпен бірнеше рет пайдалануға болатын 600 дана қорғау маскаларын жасатып қызметкерлерге таратылып, ал коронавирусты емдеуге тікелей қатысатын жұмысшыларға маңызды тамақ өнімдерін, сонымен қатар жеке гигиена құралдары (сұйық сабын, қағаз сүлгілер, дәретхана қағазы және т.б.) сатып алынып берілді. Кәсіподақтар біздің қоғамымыз үшін қиын кезеңде өзінің және жақын туыстарының өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғанына қарамастан ерлік жұмыстарын жүргізіп отырған медицина қызметкерлерінің құрмет тұтады.

Біз, Атырау облысының кәсіподақтары, Атырау облысының барлық жұмысшылары мен тұрғындарын сындарлы ынтымақтастыққа және мемлекеттік органдардың ұсыныстарын бұлжытпай орындауды сұраймыз!

Біз барлық жұмыс берушілерді облысымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін жұмысшыларға қолдау шараларын қабылдауға шақырамыз!

Қиын күндерде ауызбіршілік танытып бірге өткізейік!