Атырау облыстық филиалы медицина қызметкерлерінің балаларын Халықаралық балалар күнімен құттықтады

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы, Еркінқала дәрігерлік амбулаториясының бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелері медицина қызметкерлерінің балаларын Халықаралық балалар күнімен құттықтады.

Халықаралық балалар күні — әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Осыған орай, медицина қызметкерлерінің «Д» есепте тұрған балаларға сыйлықтар табыстады.

Жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларға тек жақсылықтар тилеймиз.