Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Кәсіподақ көшбасшысының имиджі» атты семинар – тренинг.

2018 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының бастамасы бойынша ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Оқу орталығымен, «БҚО Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен бірігіп, БҚО жастарына арналған «Кәсіподақ көшбасшысының имиджі және кәсіподақ ұйымын құрудың қағидаттары. Инновациялық технологиялар және кәсіподақ қозғалысына жастардың белсенді қатысуы» семинар – тренингін өткізді.

Дәріс оқушылар болып Н.Қ. Жұмаш – ҚР КФ Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік жөніндегі комитет меңгерушісі, Т.Н. Күнәділов — ҚРКФ «Келешек» Жастар Кеңесінің төрағасы, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасының орынбасары.

Семинарға «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының және облыстық салалық  кәсіподақ ұйымының жас қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында кәсіподақ ұйымдарын құрылымын, қызметкерлерді кәсіподаққа тарту технологиясы талқыланды. Дәріс оқушылар кәсіподақ жастар кеңесінің көшбасшылары – ұйымдастыру қабілеттілігі бар, коммуникативті, күйзеліске төзімді, креативті,  ұжыммен тіл табыса алатын, жаңа инновациялық идеяларды, технологияларды іске асыра алатын көшбасшы бола алатындай серпін беретін идеялармен бөлісті. ҚР Кәсіподақтар федерациясының Жол картасын іске асыру және қол жеткізу жолдары, сұрақтар мен жауаптар арқылы қызу талқыланды.

Семинар кәсіподақтың дамуына үлкен серпін берді және де кәсіподақтың жастары үшін ынталандырушы  болды. Семинар соңында семинарға қатысушылар Кәсіподақтар Федерациясының Оқу орталығының сертификаттары берілді.
Дереккөз