Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай -«Жас мамандарды қабылдау!» мерекелік іс-шара.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 — 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінің бірі — Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру.  Адами ресурстарды стратегиялық басқару болып табылады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу медициналық қызметкерлерді сапалы дайындау және халықтың мұқтаждықтарына сәйкес барабар бөлу мақсатында адами ресурстарды басқару жөніндегі бірыңғай саясат пен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға құрылатын болған.

30 қараша күні «Қалалық көп бейінді аурухана» ШЖҚ МКК «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жас медбикелер мен акушерлер мамандығына арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шараның құрметті қонақтары еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер болды. «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ төрағасы алғыс сөз сөйледі.

Барлық еңбек ардагерлері мен жас мамандарға жарқын жол тілеп, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Дереккөз