Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара және кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімі

2018 жылдың 10 желтоқсан күні «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалы мен Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы ұйымдастырған  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара және кәсіподақ белсенділерін марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы «Кәсіподақтардың республикалық бірлестігі» Мүліктерді басқару дирекциясының бас директоры Мұқтар Жанайхан Ақуанұлы, әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ ардагерлері, облыстағы және аудандардағы кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатысты.

Салтанатты жиын барысында Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына және дамуына қосқан зор үлесі үшін, Батыс Қазақстан облысы әкімі атынан  ШЖҚ «Облыстық көп бейінді ауруханасы» МКК  кәсіподақ төрайымы Сиражиева Дарига Нигметқызын Алғыс хатпен марапаттады.

«SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының төрағасы Кусаинов Махамбет Какимұлы денсаулық сақтау саласына және кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін облыстық денсаулық сақтау саласының үздік қызметкерлеріне «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ  төрағасы Дүйсенов Сапарбек Серікұлы атынан  құрмет грамоталарын  тапсырды.

Салтанатты шарада Батыс Қазақстан облысымыздың өнер және мәдени қайраткерлері өз өнерлерін көрсетті.
Дереккөз