Жатыр мойнының обырын алдын алу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 маусымдағы қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018 — 2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру аясында 21.01.2019 ж. сағат 15: 00 де ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансері»  МКК – де  ««SENIM»  Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы  бойынша ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансері» МКК-сі бастауыш ұйымының кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен  «Жатыр мойнының обырын алдын алу» атты баспасөз – конференциясы өтті.

Аталған іс-шараға «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ нің Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімі бөлімінің басшысы А. М. Байбатчаева, ШЖҚ «Облыстық онкологиялық диспансері»  МКК директоры Е. В. Тоқсанов, медициналық бөлімі жөнінде директордың орынбасары Тулемисов Н.М, Онко гинеколог Жакипова А. Н. және цитологиялық зертхана меңгерушісі Якупова Л. М. қатысты. Баспасөз конференциясы барысында ҚР-да жатыр мойны обырымен ауыру, осы аурудың алдын алу және жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін скрининг ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. ««SENIM»  Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»

««SENIM»  Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы бастауыш ұйымының кәсіподақ мүшелері «Жатыр мойны обырының алдын алу » апталығын өткізуге белсенді қатысуда.

Дереккөз