Атырауда кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің аймақтық отырысы өтті.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының аумақтық кәсіподақ орталықтар ұйымы өткен жылғы жұмысын қорытындылады. Аталған кездесуге   ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚО филиалының төрағасы М.К. Кусаинов қатысты.

Кездесуге Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚХР Төрағасы Бақытжан Әбдірайым, сондай-ақ салалық кәсіподақтардың және әлеуметтік серіктестердің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Елбасының Жолдауын іске асыру, табыстарды ұлғайту және сыйақы жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Президентіміз  Қазақстан халқына Жолдауында еңбек саласындағы басты әлеуметтік көрсеткіштің параметірін өзгерту — ең төменгі жалақыны өсіру туралы бұйрық берілді. Сонымен қатар, Президент жұмыс берушілерді осы өзгерістерді қолдауға шақырды және төмен ақы төленетін жұмысшылардың жалақысын көтеру шараларын қабылдау керек екенін атап өтті. Жалақы жүйесін реттейтін ұжымдық келісімдерге қол қою және сақтау және еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау, соның ішінде қызметкерлердің жаппай босатылуына жол бермеу және олардың еңбек шартын еңбек келісім-шартын жасамай пайдалану — барлық жұмыс берушілер алдында тұрған міндеттері болып табылады.

Дереккөз