Батыс өнірлік денсаулық сақтау саласы жастар форумына Батыс-Қазақстан облысынан, 20 жас маман қатысып келді

27-28 ақпан күндері «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Белсенді жастармен жаркын болашаққа» – атты «Батыс өнірлік денсаулық сақтау саласы жастар форумына Батыс-Қазақстан облысынан, 20 жас маман қатысып келді.

«Белсенді жастармен жаркын болашаққа» форумында БҚО жас мамандарымыздың жеткен жетістіктері:

1) Ережепова Жазира Аскаровна  — Жалпы тəжірибелік дəрігер , АББ «Созылмалы жүрек жетіспеушілігі» тақырыбы бойынша баяндамасын қорғады.

2) Мажитова Айгуль Мухитовна  — Жалпы тəжірибелік дəрігер , » Сандық технологиялар саласындағы Медицина » тақырыбы бойынша баяндамасын қорғап, БҚО бойынша мәліметтермен бөлісті.

3) БҚО денсаулық саласынын мамандар құрамасынан құралған «ФЕРМЕНТ» КВН командасы  2 орынға ие болды.

4) Дебат турынан » Егер мен клиниканың жас директоры болсам» такырыбы бойынша БҚО  дәрігерлері 2 орынға ие болды.

5) «Ауыр жарақаттары бар пациенттерді емдеудің мультидисциплинарлық тәсілі» тақырыбында Ташкенбаев Бахтияр Шарыхтаевич – Орал қалалық ауруханасының хирург дәрігері өз жетістіктерімен бөлісті.

Батыс Қазақстан облысының  4 жас маманына «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподақ атынан 500 000 теңге жігерлендіру мақсатында сертификаттар табысталды.

«Белсенді жастармен жаркын болашаққа» – атты  «Батыс өнірлік денсаулық сақтау саласы жастар форумы аясында бильярдан өткен турнирде БҚО жас мамандары 2 орынға ие болды.

Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы жастар форумы аясында өткізілген іс-тәжірибелік секцияларына қатысқаны үшін  қатысушылар  «Құрмет грамоталары» және Сертификаттармен және бағалы сыйлықпен марапатталды.