Халықаралық әйелдер күніне орай

Ақтөбе облыстық филиалымен 5 наурыз күні Денсаулық сақтау басқармасымен және бастауыш кәсіподақ ұйымдармен бірге, Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. РҚБ-тің және филиалдың Құрмет грамотасымен марапатталып, 10 медицина ардагерлеріне ақшалай сыйлық берілді.

Сонымен қоса, бастауыш кәсіподақ ұйымдармен жалғыз басты және көп балалы аналарға әрқайсысына 85 000 теңге көлемінде сыйақы берілді.