Денсаулық күніне орай Ашық есік күні өткізілді

«7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні» жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді.

Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту  1948 жылдың 7 сәуірінен бастау алған.  Жер бетіндегі барша ұлт пен ұлысқа ортақ бұл күн  өз елімізде тәуелсіздік алған жылдан бері аталып келеді.

Бұл күнге арналған шаралар еліміздің түкпір түкпірінде биыл да аталып өтті.

Оған дәлел облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы жұмыскерлерінің денсаулық күнін атап өту, қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған денсаулық шарасы.

Денсаулық шарасында қызметкерлер алдымен таңғы жаттығу жасап, флешмоб биін биледі.

Одан соң денсаулық күніне орай мамандар халыққа салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын түсіндіріп, медициналық көмек көрсетті.

Денсаулық сақтау басқармасы мен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалы жұмыскерлерінің мамандары алдағы уақытта да бұл шараны жиі ұйымдастыруды үрдіске айналдыратындықтарын айтып тарқасты.