Жастар форумында 4 дәрігеріміз 500 000 сыйақымен марапатталды

29 наурыз күні «Мәңгілік ел — Салауатты ұрпақ»атты жастар форумының қортындылау салтанаты өтті.
Форумда облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Шәріпбайқызы және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп, бірнеше білікті жас дәрігер мамандарды марапаттады.
Атап айтар болсақ, Қазақстан республикасының кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасымен», Қызылорда облысы әкімінің, Тараз қаласы әкімінің, Тараз қалалық Мәслихатының «Алғыс хаттарымен», Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының «Құрмет грамотасымен», «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет Грамотасымен» әр өңірдің білікті жас дәрігерлері марапатталды.
Форумда облысымыздың 4 дәрігері 500 000 ақшалай сыйақымен марапатталды. Олар, Қазалы ауданы «Өркендеу» дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Мәлік Жаңагүл Мәлікқызы, Жалағаш ауданы «Аққыр» дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері Бусариева Мәншүк Назарбекқызы, Байқоңыр қаласындағы медицина орталығының офтальмолог дәрігері Полатова Жанна Асанханқызы және көп бейінді облыстық ауруханасының Байқоңыр қаласындағы филиалының резидент неврологы Каленов Асылхан Ақылбекұлы.
Форум соңында, өзге аймақтардан келген медицина жастары әрі қарайда ынтымақтастықты арттаыра беретіндіктерін жеткізді.