Бастауыш ұйым туралы ереже

2018 жылдың 03 мамырында
Кәсіподақтың Атқару комитеті мәжілісімен
бекітілген

««SENIM» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ  ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ
САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ  БАСТАУЫШ
ҰЙЫМЫ ТУРАЛЫ
Е Р Е Ж Е

 

1.       ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастауыш ұйымы туралы Ереже ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының 15 б. 2 т. және ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы»РҚБ Жарғысына сәйкес әзірленген.

1.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі.

1.3.Бастауыш ұйым өз жұмысын Конституция, Қазақстан Республикасы заңдарына, жалпыға бірдей қабылданған халықаралық заңдарға, Кәсіподақ Жарғысына және осы Ережеге сай жүргізеді.

1.4. Бастауыш ұйым өз жұмысын атқаруда мемлекеттік, өкімет органдарынан, жұмыс берушілерден, саяси және басқа ұйымдардан тәуелсіз, оларға есеп бермейді және олардың бақылауынан тыс. Олармен қарым‑қатынасын тең құқылы  қатынас және әлеуметтік серіктестік принципінде жүргізеді.

1.5. Бастауыш кәсіподақ ұйымыұйымдастыру-құқықтық нысанға және меншік нысанына қарамастан бір мекемеде, ұйымда, кәсіпорында, кем дегенде үш кәсіподаққа кіруге өтініш жасаған азаматтар болғанда құрылтай жиналысында құрылады.

 

2. БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНІҢНЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ПРИНИЦПТЕРІЖӘНЕ ҚҰЗЫРЕТІ

 

2.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі міндеттері:

кәсіподақ мүшелерінің жеке және ұжымдық әлеуметтік-еңбек, кәсіби,  экономикалық және өзге де құқықтары мен мүдделеріне өкілеттік ету және қорғау;

Кәсіподақтың және оның еңбек ұжымындағы мүшелік ұйымдарының міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.

2.2. Бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі принциптері:

шешім қабылдауда Кәсіподақ Жарғысының ережелеріне басымдық беру;

кәсіподаққа кіру мен оның қатарынан шығу еріктілігі, кәсіподақ мүшелерінің құқылары мен міндеттерінің теп-теңдігі;

кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ мүшелері алдындағы жарғылық мақсат-міндеттерін жүзеге асырудағы ынтамақтастығы, өзара көмек-қолдауы мен жауапкершілігі;

кәсіподақ ұйымдарының, сайланбалы кәсіподақ органдарының  жұмысындағы алқалылық пен олардың құрамына сайланған белсенділердің жеке жауапкершілікте болуы;

кәсіподақ ұйымдары мен сайланбалы кәсіподақ органдарының жұмысындағы жариялылық пен ашықтық;

шешім қабылдағанда әрбір кәсіподақ мүшесінің пікірін құрметтеу;

кәсіподақ органдарының құзырет шеңберінде қабылданған  шешімдерінің орындау міндеттілігі;

кәсіподақ органдарының сайланбалығы және олардың кәсіподақ мүшелері алдындағы есептілігі;

қаржылық және атқарушылық тәртіптің сақталуы.

2.3. Бастауыш кәсіподақ ұйымының құзыретіне келесі мәселелерді шешу кіреді:өз қызметiнiң басым бағыттарын айқындайды;мекемедегі, кәсіпорындағы еңбек, экономикалық, әлеуметтік қатынастарды реттеуге байланысты нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады;кәсіподақ мүшелерінің мүдделеріне қатысты ұжымдық келіссөздер жүргізу және мекемеде ұжымдық шарт жасасуға бастамашысы болады;мамандар мен сарапшыларды тарта отырып, кәсіпорындағы, мекемедегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдайды;жұмыспен қамтуды жақсарту, кадрлардың біліктілігін артыру және қайта даярлау, тұрғын үй мәселесін шешу, әлеуметтік және мәдени-деңсаулық саласындағы мекемелердің жұмыс істеуін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;кәсіпкерлікті жекешелендіру және оның банкроттығы кезінде Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру іс-шараларды ұйымдастыру, қайырымдылық акцияларға қатысу. 

3.БАСТАУЫШ  ҰЙЫМ  ОРГАНДАРЫ

 

3.1. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарынцың органдары болып:

Жоғарғы басшы орган – Жиналыс (конференция);

Сайланбалы алқалы тұрақты жұмыс жасайтын басшы орган – Кәсіподақ комитеті (ары қарай – Комитет);

Бастауыш кәсіподақ ұйымының Төрағасы — сайланбалы дербес атқарушы орган;

Бақылау-тексеруші орган – Бақылау тексеру комиссиясы есептеледі.

3.2. Жиналыс (конференция)

Бастауыш ұйымның жиналысын (конференциясын) Комитет қажеттігіне қарай, бірақ жылына  кем дегенде екі реттен кем емес өткізіледі.

Оның өтетін мерзімі, күн тәртібі, орны туралы кәсіподақ мүшелері кемінде екі апта бұрын хабарланады.

3.3. Кезектен тыс жиналыс (конференция) кәсіподақ комитетінің (ұйымдастырушысының) өз ынтасымен немесе жоғары кәсіподақ органының немесе ұйым мүшелерінің үштен бірінің талабымен шақырылады.

Комитет талап жолданған күннен бастап он күнтізбелік күннен кешіктірмей жиналыс (конференция) өткізу турлы шешім қабылдауға және оның өту күнін белгілеуге  міндетті.

Кезектен тыс жиналыс (конференция) өткізілетін күні, күн тәртібі және орны  жөнінде кәсіподақ мүшелеріне жиналыс өткізілерден кемінде бір апта бұрын хабарланады.

Бастауыш ұйым мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда жиналыс заңды түрде өткен болып есептеледі.

Бастауыш ұйым мүшелерінің уштен екі бөлігі қатысқан жағдайда конференция заңды түрде өткізілген болып саналады.

3.4. Конференция делегаттары кәсіподақ комитеті белгілеген тәртіппен кәсіподақ мүшелерінің санына байланысты әр бөлімнен біркелкі өкілеттікпен сайланады.

Бастауыш ұйымның төрағасы және оның орынбасары қызмет бойынша конференция делегаттары болып танылады.

3.5. Жиналыстың  (конференцияның)  құзырына мыналар жатады:

бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі жұмыс бағыттарын белгілеу;

сайланбалы кәсіподақ органдарының барлық жұмыс бағыттары бойынша есептерін тыңдау және олардың жұмысына баға беру;

сайлау (жолдау) жолымен Комитетті жасақтайды;

Ревизиялық комиссияны, Бастауыш ұйым төрағасын сайлау;

бастауыш кәсіподақ ұйымдарының сайланбалы органдарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдау;

заслушивание работодателя или лиц его представляющих, профсоюзного комитета о выполнении коллективного договора;

Кәсіподақтың тиісті  аумақтық ұйымының конференциясына делегаттар сайлау, сондай-ақ өкілеттік мөлшерге сәйкес сайланбалы кәсіподақ органдарына өз өкілдерін жолдау;

жоғары тұрған кәсіподақ органының сайланбалы алқалы тұрақты жұмыс жасайтын басшы органымен келісе отырып, бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдау;

бастауыш кәсіподақ ұйымының өзге де сұрақтарын шешу;

жекелеген құзыреттерді Комитетке жүктеу.

3.6.  Шешім қабылдаудағы дауыс беру тәртібі мен нысанын (жасырым немесе ашық) делегаттар, жиналыс қатысушылары белгілейді.

Жиналыс (конференция) шешімі, егер ол үшін, кворум болған жағдайда,  жиналыс қатысқан кәсіподақ мүшелерінің, конференция делегаттарының жартысынан астамы жақтап дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.

Комитеттің, Төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату,  бастауыш кәсіподақ ұйымын тарату сұрақтары бойынша шешімдер, егер ол үшін, кворум болған жағдайда, жиналысқа қатысқан кәсіподақ мүшелерінің, конференция делегаттарының кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.

3.7. Жиналыс (конференция) шешімдері қаулы түрінде қабылданады.

3.8. Кәсіподақ комитеті

Күнделікті жұмысты атқару үшін бастауыш ұйым:

‑ 30-дан кем кәсіподақ мүшесі болса ‑ кәсіподақ ұйымдастырушысын;

‑ 30-дан және одан артық мүшелері болса ‑ кәсіподақ комитетін сайлайды.

3.9. Кәсіподақ комитеті бастауыш ұйымның жұмысы туралы, жиналыс (конференция) шешуіне тікелей қатыспайтын басқа да сұрақтарды қарай алады.

3.10. Комитетің шешімімен бастауыш ұйымның құрылымдық бөлімдерінде кәсіподақ топтары және бюросы (цехком) құрылады. Күнделікті жұмысты атқару үшін оларда:

‑ кәсіподақ тобында ‑ кәсіподақтың топтық ұйымдастырушысы және топ белсенділері сайланады;

‑ кәсіподақ бюросында  /цехкомда/ ‑ төраға, оның орынбасары және мүшелері.

3.11. Комитет өз  жұмыс органдарының құрамын және олардың өкілеттігін өз еркімен анықтайды.

3.12. Комитетің мәжілісі қажетіне қарай, бірақ кемінде үш айда бір рет өткізіледі және оның жұмысына мүшелерінің жартысынан артығы қатысса, құқықты болып саналады.

3.13. Комитет жұмыс берушілермен не оның өкілдерімен қарым‑қатынасын әлеуметтік серіктестік принциптері бойынша және заңға қайшы келмейтін болса, оның қолма‑қол басқармалық қызметіне араласпайтын болып қалыптастырады.

3.14. Комитет бастауыш ұйымның жиналыс  (конференция) аралығындағы жұмысын ұйымдастырып олардың шешімдерінің жобасын және басқа да құжаттарды, материалдарды дайындайды. Кәсіподақ комитеті жиналыс (конференция) аралығындағы оперативті және ағымдағы жұмысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ жиналыс (конференция) және жоғары кәсіподақ органдары шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

3.15. Комитет:

‑ жұмыс берушіге не оның өкіліне кәсіпорындағы еңбек, әлеуметтік‑экономикалық сұрақтар бойынша нормативтік актілер қабылдауына ұсыныс жасайды. Нормативтік құжаттардың жобаларын қарайды, басқару органдары құрған құжаттар туралы өз пікірлерін білдіреді;

‑ кәсіподақ талаптарына сай өз еңбек ұжымы тарапынан заңда белгіленген тәртіппен жиналыстар, митингілер, бой көрсету, демонстрация, ереуіл ұйымдастырып, қолдау көрсетеді;

‑ еңбекті корғау, еңбек қарым‑қатынастары туралы заңдардың орындалуына коғамдық бақылау жасайды;

‑ жұмыс орнында сәтсіз оқиға және ауру пайда болу себептерін тексеруге қатысады және өз бетімен тексеру ұйымдастырады;

‑ еңбек туралы заңның бұзылуы, ұжымдық келісімнің орындалмауы, жана не өзгертілген еңбек жағдайлары туралы туындаған дауларды шешуге қатысады;

‑ еңбек және еңбекті қорғау туралы заңдардың орындалуын бақылайтын комиссия құрастырып, қоғамдық инспекторлар сайлайды;

‑ кәсіподақ мүшелерінің мүдделері мен мақсаттарын қорғау үшін сот органдарына шағым өтініштерін жолдайды;

— ұйым мүшелері үшін тегін құқықтық және ақыл‑кеңес көмегін ұйымдастырады, кәсіподақ қаражаты есебінен адвокат, жоғары маманды кеңесшілер шақырып, сотта және басқа органдарда кәсіподақ мүшелерін қорғау үшін өз өкілдерін бөледі;

— жиналыс(конференция) шақырады, олардың шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды, кәсіподақ мүшелерін жиналыс (конференция) шешімдерінің орындалуы туралы хабарландырады;

— Кәсіподақпен белгіленген мерзімде бастауыш ұйымдағы есеп беру мен сайлаудың өткізілуін ұйымдастырады;

— Конференция аралығында Комитеттің шығып қалған мүшелерінің орнына тікелей жолдау арқылы сайланған мүшелерінің өкілеттігін растайды;

— кезекті қаржы жылына кіріс және шығыс сметасын  бекітеді;

— жоғары тұрған кәсіподақ органдарына мүшелік жарналардың мезгілінде және толыққанды аударылуын қамтамасыз етеді;

— бастауыш кәсіподақ ұйымының статистикалық, қаржылық және өзге де есептіліктерін бекітеді;

— кәсіподақ мүшелері алдында есеп береді, оларды өз қызметі туралы, оның ішінде бастауыш ұйымның кіріс және шығыс сметасының   орындалуы туралы тұрақты түрде  хабарландырып отырады;

— қызметкерлерді кәсіподақ мүшелігіне қамту жұмысын жүргізеді, кәсіподақ мүшелерінің есебін ұйымдастырады;

— кәсіподақ мүшелері мен активін оқытуды ұйымдастырады;

— өзге де құзыретті жүргізеді;

— жекелеген құзыреттерді бастауыш кәсіподақ ұйымының Төрағасына жүктей алады.

3.15 Төраға:

‑ бастауыш ұйымның жұмыс берушілермен, басқа органдармен, қарым‑қатынас жасайтын өкілетті  өкілі болып табылады;

— Жиналыс (Конференция), Комитет пен жоғары тұрған кәсіподақ органдары шешімдеріің орындалуын ұйымдастырады, орындалуы үшін  жеке жауапкершілікте  болады;

‑Комитетпен жиналысқа (конференцияға) тікелей  қатыспайтын жедел сұрақтарды өз еркімен шешеді;

‑ жалпы жиналыс (конференция), Комитет мәжілісі қарауында сұрақтар дайындап, оларды әзірлеу үшін тұрақты және уақытша комиссиялар құрастырады, Комитет жұмысына арнаулы мамандар, сарапшылар шақырады;

‑Комитет мәжілісін шақырып, оны жүргізіп отырады, қабылданған шешімдер мен хаттамаларға қол қояды;

‑ кәсіподақ мүшелерінің атынан ұжымдық шартқа қол қояды;

‑Комитет штатындағы қызметкерлердің жұмысын басқарады;

‑ сайланбалы активтің оқуын ұйымдастырады, оларға нұскау береді;

‑Комитеттің мақұлдауымен келісім жүргізіп, ақша операцияларын орындайды;

‑ кәсіподақ оқу орындарында, курс, семинарларда өз білімін жетілдіру құқына ие;

‑ кәсіподақ мүшелерінің келісімімен, олардың жазбаша өтініші бойынша, әкімшілікпен келісу негізінде мүшелік жарналардың ақшасыз жиналуын және тиісті филиалдың есеп шотына Жарғыға сай белгіленген мөлшерде ақша  аударуды іске асырады.

3.16. Комитеттің мүшелері және оның басқа өкілдері  Қазақстан Республикасы Кәсіптік одақтар туралы заңына сәйкес  мына құқықтарға ие:

‑ кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның кез келген цехына, бөліміне кедергісіз кіріп, қарай алады;

‑ әкімшіліктен тиісті құжаттарды, мәліметтерді, еңбекақы туралы есептерді сұрай алады.

3.17. Комитет кәсіпорын жекешелендіріліп, мемлекет иелігінен алынғанда:

‑ өз өкілетін жекешелендіру комиссиясының және жаңа құрылатын мемлекеттік емес кәсіпорынның басқарушы органдарының құрамына кіргізуді талап етеді;

‑ еңбек ұжымының, жеке кәсіподақ мүшелерінің заң құжаттарында белгіленген женілдіктерін сақтауда қоғамдық бақылау жасап, олардың құқықтары мен мүдделерін барынша қорғайды.

3.18. Өз жұмысы туралы Комитетжиналыс (конференция) және жоғары кәсіподақ органдары алдына есеп береді. Жыл сайын бастауыш ұйым мүшелерінің алдында есеп беріп, тұрақты түрде, белгіленген мерзімдерде Кәсіподақтың тиісті филиалына статистикалық және қаражат жөнінде мәліметтер беріп тұрады.

3.19. Бастауыш ұйымның сайланбалы органдарының (кәсіподақ тобы, бюросы, ұйымдастырушысы, Комитет) сайлану мерзімі бес жыл. Сол адам екі мерзім қатарынан сайлана алмайды.

3.20. Бастауыш ұйымдарда есеп беру мен сайлау өткізу туралы шешімді Кәсіподақтың тиісті филиалы қабылдайды. Кәсіподақ топтарында, бюросында, есеп берулер мен сайлаулар өткізу туралы шешімді Комитет қабылдайды.

3.21. Ең көп немесе өзге кандидаттарға қарағанда көбірек және жиналысқа, конференцияға қатысушы делегаттардың, кәсіподақ органы мүшелерінің жартысынан көбінен дауыс алған, мәжіліс өткізілуіне құқықты деген жағдайда ұсынылған кандидаттар сайланды деп саналады.

3.22. Қажет жағдайларда кәсіподақ органдарына қосымша не мерзімінен бұрын сайлау өткізуге болады.

 

 

4. КӘСІПОДАҚ  МҮЛКІН ПАЙДАЛАНУ,

ҚАРАЖАТ ҚЫЗМЕТІ

 

4.1. Бастауыш ұйымда Кәсіподақ немесе оның филиалы пайдалануға берген мүлкі болады.

4.2. Ақшалай қаражат Кәсіподақ мүшесінің ай сайынғы жарнасынан, кәсіпорындар аударған ақшалар мен басқа да заңға қайшы келмейтін көздерден келген түсімдерден құралады.

4.3. Әр айлық мүшелік жарна мына мөлшерде белгіленеді:

— жұмыс істейтіндер үшін айлық жалақысының 1 пайызы;

— жұмыс істемейтіндер зейнеткерлер үшін зейнетақыдан 1 пайыз.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының шешімі бойынша кәсіподақ мүшелік жарнасының жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін.

4.4. Мүшелік жарналар қолма-қол немесе Кәсіподақ мүшесінің өтініші бойынша  еңбекақысының барлық түрінен аудару арқылы төленеді.Қолма-қол төленбейтін қәсіподақтың мүшелік жарналарының тәртібі ұжымдық келісім-шартпен немесе әкімшілік пен кәсіподақ ұйымы арасындағы келісім-шартпен белгіленеді.

4.5.Кәсіподақтың бастауыш ұйымдарында жиналған мүшелік жарна толығымен (100 пайыз) тиісті филиалдың шотына аударылады.

Кәсіподақ филиалы түскен мүшелік жарналардың кем дегенде 65 пайызын бастауыш кәсіподақ ұйымынаағымдағы қызметті жүзеге асыру үшін жібереді.

4.6. Негізсіз себептермен жоғарғы органдарды қаржыландырмайтын кәсіподақ ұйымдары сол органның шешімімен үш айдан кейін оған деген өзінің қоргау міндетін тоқтатады деп ескертіледі.

4.7.Кәсіподақ бастауыш ұйымының төрағасы мүшелік жарнаны толық жинау, міндетті түрде аудару және бөлу тәртібін сақтау үшін жеке басымен жауапкершілікте.

4.8.Бастауыш ұйым ақшалай қаражаты мыналарға жұмсалады:

‑ штаттағы аппаратты ұстауға;

‑ кәсіподақ мүшелеріне материалды көмек көрсетуге;

‑ жолдамалар жеңілдіктеріне, балалар мен зейнеткерлерге базарлыққа, мәдени‑сауықтыру орындарына жеңілдікпен билет алуға;

‑ әуесқойлардың мәдениет не шығармашылық мектептер жұмысына;

‑ кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау және заңгерлік кеңес беру үшін шақырылған арнаулы мамандар мен сарапшылардың ақысын төлеуге;

‑ қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау және кәсіподақтың ынтымақтастық қорларына, өзара көмек кассаларына;

‑ кәсіподақ ұйымы құратын кәсіпорынның жарғылық қорына;

‑ кәсіподақ кадрларын дайындап, білімін жетілдіруге, кәсіподақ белсенділері оқуын ұйымдастыруға;

‑ қамқорлық мүдделерге;

‑ Кәсіподақ Жарғысы, осы Ережеге және кәсіподақ жиналысы /конференциясы/ шешімдеріне сай басқа да мақсаттарға.

4.9. Бастауыш ұйымның қаржы ‑ шаруашылық және басқа да жұмыстарына оның тексеру комиссиялары, сондай-ақ жоғарғы кәсіподақ органдары мен оның тексеру комиссиялары бақылау жасайды.

4.10. Бастауыш ұйым жарты жыл сайын кәсіподақтың тиісті филиалына қаржы есебін беріп отырады.

 

5. КӘСІПОДАҚ  БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫНЫҢТЕКСЕРУ  КОМИССИЯСЫ

 

5.1. Бастауыш ұйымның тексеру комиссиясы жиналыста /конференцияда/ Комитетпен бір уақытта және өкілдігі бір мерзімге сайланады және өз жұмысын Кәсіподақ съезі бекіткен Кәсіподақтың Тексеру комиссиясы туралы Ережегесай атқарады.

5.2. Бастауыш ұйымның тексеру комиссиясы жұмыс барысында Кәсіподақтың Бақылау-ревизиялық комиссиясына есепті, оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

 

6. БАСТАУЫШ  ҰЙЫМ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ТОҚТАТЫЛУЫ

 

6.1. Заңды тұлға (кәсіпорын, ұйым) қайта құрылса сондай-ақ меншік ауысқан жағдайда бастауыш кәсіподақ ұйымы алдыңғы әрекет еткен бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелері алдындағы осыдан туындайтын барлық мүліктік, басқа да құқықтары және міндеттерімен бірге заңды мұрагер болып табылады.

6.2. Бастауыш ұйымның жұмысы жиналыс немесе конференция шешімі бойынша тоқтатылады.

6.3. Кворум болған жағдайда, жиналысқа қатысушылардың немесе конференция делегаттарының үштен екісінен кем емесі дауыс берсе, қабылданды деп саналады.

 

7. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

7.1. Бастауыш ұйымның белгілеген үлгідегі бланктері, мөрі мен штампы бар.

7.2. Осы Ережеде көрсетілмеген сұрақтар болса, оларды шешу үшін Кәсіподақ Жарғысын басшылыққа алу керек.

7.3. Осы Ережеге түсінік беру, оның негізгі принциптерін бұзбайтын өзгертулер мен толықтырулар енгізу Кәсіподақ Орталық Кеңесінің құзырына жатады.