Денсаулық күні!

Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Атырау облысының Денсаулық сақтау ұйымдарында салауатты өмір салтын насихаттауға, аурулардың алдын алуға және ерте анықтауға, оның ішінде ашық есік күндері, дене шынықтырумен жаппай айналысуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

Атырау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жасөспірімдер жастар,емдеу-сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері, қала тұрғындары, БАҚ өкілдерінің қатысуларымен Смағұлов алаңында 7 сәуір –Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай «Сау болу-сәнді»! ұранымен «Денсаулық күні» акциясы өтті. Кең көлемді шараны Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ашып,қатысушыларға сәттілік тіледі.

Шара барысында« Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Атырау облыстық филиалы төрайымы М.Кашкенова «Ауруларды басқару бағдарламасы» бойынша «Қант диабеті», «Созылмалы жүрек ауруларының жетіспеушілігі» және «Артериалды гипертензия» ауруларымен ауырып, емделу барысында өмір салтын жағымды жағына өзгерткен,сауықтырылуы оң нәтиже көрсеткен науқастардың,Үздік патронажды медбикенің, Үздік тренерлерді алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапаттады.