Денсаулық баршаға

Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Атырау облысының Денсаулық сақтау ұйымдарында салауатты өмір салтын насихаттауға, аурулардың алдын алуға және ерте анықтауға, оның ішінде ашық есік күндері, дене шынықтырумен жаппай айналысуға бағытталған іс-шаралар өткізілді.

5 сәуір Дүниежүзілік Денсаулық күні аясында «Денсаулық баршаға» ұранымен Атырау облысы емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлері денсаулық күні топтық жаттығуларға және спорттық тренажерлардағы сабақтарға қатысып,сонымен қатар таңғы жаттығулар жасалды.

Атырау облыстық емдеу-сауықтыру ұйымдарында әрбір келген тұрғын өзінің артериялық қысымы, қандағы қант деңгейі туралы ақпаратты, сондай-ақ дәрігерге дейінгі ұсыныстарды тегін ала алды.

Барлық іс – шаралардың негізгі мақсаты-ел азаматтарының өмір сүру ұзақтығын және сапасын арттыру, соның ішінде дене шынықтырумен айналысу, зиянды әдеттерден бас тарту, сондай-ақ ауруларды ерте анықтау арқылы.