23 мамыр күні 5 қалалық емханасынында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» мүшелері мен Республикалық жастар форумы қатысушыларымен дөңгелек үстел.

2019 жылдың 16-17 мамыр аралығында Қарағанды қаласында РҚБ-нің Республикалық Жастар форумы өтті. Форумға кәсіподаққа мүше жастар қатысты және форумның басты тақырыбы «Жастар – сенім мен серпін» болып табылды. Аталмыш форумға Қазақстанның 13 облысынан және 3 республикалық маңызы бар қалаларынан, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, барлығы 16 аймақтан келген делегаттар қатысты.

БҚО атынан 8 делегат аттанды және олардың барлығы да медицина қызметкерлері болып табылады. Соған орай, Қарағанды қаласында өткен форум туралы 5 қалалық емханасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге арнайы Көпбейінді қалалық ауруханасынан аурухана директорының орынбасары, дәрігер-флеболог Бахтияр Шарыхтаевич және дәрігер-хирург Азамат Алпамысович қатысушы ретінде шақырылды.

Алғашқы сөз сөйлеу рәсімі 5 қалалық емханасының СӨС дәрігері Асхат Айболатұлына табысталды. Сөз сөйлеу барысында тыңдаушылардың назарына Қарағанды қаласында өткен форумнан қысқаша ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, 4 қалада өткен форумның үзіндісі бейнероликпен емхана қызметкерлеріне көрсетілді.

Емхана қызметкерлерінің алдында Көпбейінді қалалық ауруханасы директорының орынбасары, дәрігер-флеболог Ташкенбаев Бахтияр Шарыхтаевичтің жетекшілігімен «Ауыр жарақаттарды емдеудің мультидисциплинарлы әдісі» атты ғылыми жұмысы өте жоғары деңгейде, әрі сапалы қорғалып шықты.

Сондай-ақ, жас дәрігерлерге қаржылай сертификаттар және тұрғын үйге арналған алғашқы жарнаның сертификаттары табысталғаны туралы хабардар етілді. Солардың ішінде біздің облысымыздан Облыстық кардиология орталығының кардиологы Буабаев Баһадир Янгибаевич және 5 қалалық емханасының медбикесі Жапарова Сания Мергенғалиқызының ие болғандары жайында атап өтілді.

Бахтияр Шарыхтаевич және Сания Мергенғалиқызы форум туралы өз ойларымен және пікірлерімен бөлісті. Қорытынды сөз кезегі 5 қалалық емханасы, профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Ұлдай Махуовнаға берілді, келген қонақтарға және тыңдаушыларға жылы лебіз бен алғыс білдірді.