Мақсаты мен міндеттері

Стратегиясы

Әлеуметтік – экономикалық, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру және мемлекет, мемлекеттік, сот және қоғамдық органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдары алдында Кәсіподақ мүшелерінің және Кәсіподақ ұйымдарының мүдделері мен құқықтарын қорғау.

Кәсіподақ Орталық аппараттан және 16 филиалдан, оның ішінде:
14 облыстық және 2 қала, Алматы және Астана қалаларынан құрылған.

Миссиясы

Әлеуметтік-экономикалық және еңбек қақтығыстарын, дауларды уақтылы анықтау және шешу, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің еңбек жағдайын және өмір сүруін жақсарту мақсатында ымыраға келген шешімдерді іздеу.

Мақсаты

Кәсіподақтың мақсаты болып әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ету, еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту, жеке және ұжымдық дауларды шешу, медициналық қызметкерлердің мәртебесін арттыру болып табылады.

Негізгі міндеттері

  • Кәсіподақ мүшелерінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
  • Заңнамада белгіленген тәсілдерді пайдалана отырып жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге қатысу;
  • Кәсіподақ мүшелерін оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
  • Еңбек жағдайларын, тұрмыс, демалыс, әлеуметтік қамтамасыз етілуін жақсарту.

Әлеуметтік жауапкершілік

Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек және демалысына қолайлы жағдай жасау.