Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған құттықтау мерекелік шарасы

13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығында мерекелік шара өтті.  «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы БҚО филиалы төрағасы Кусаинов Махамбет Какимович, салалық кәсіподақтар төрағалары мен кәсіподақтың белсенділері қатысты.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен кәсіпода ардегерлері марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында  еңбек ұдымында кәсіподақ жұмысын дамытуда қосқан үлесі және еңбек адамымен ыңғайлы қарым-қатынастар жасау арқылы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттегені үшін ШЖҚ «№3 қалалық емханасы» МКК дәрігер педиатрі Жұмаева Гүляйым Қалажанқызы марапатталды.