Өмір бойғы ұран – салауатты өмір салты!

АҚТӨБЕДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА  ШАҢҒЫДАН ЖАРЫС ӨТТІ.

Жарыс жыл сайын дәстүрлі «SENIM» кәсіподағының қолдауымен ұйымдастырылады.

Кірпішті кентіндегі «Золотой рог» шаңғы базасында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы, «Облыстық денсаулық сақтау басқармасы» және «Арасан-Ақтөбе» ЖШС медицина қызметкерлері арасында шаңғы жарысынан қысқы спартакиада өткізді.

Мақсаты- салауатты өмір салтын наситхаттау, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелері арасындағы өзара ынтымақты нығайту.

Спорттық жарыстарға 20-дан 70-ке дейінгі жас санаттары бойынша 70-тен астам медицина қызметкерлері қатысты. Жарыс тартысты өтті.

Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, олар сыйлықтармен марапатталды.