Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының кезектен тыс кеңес отырысы

2020 жылдың ақпанның 27-ші жұлдызында «Senim» Денсаулық сақтау  жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының қатысуымен кезектен тыс кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысында филиал төрайымы  сөз бастап, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының Кеңес отырысын ашық деп жариялай отырып «8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне» және «22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне» орай өткізілетін мерекелік шараларды ұйымдастыру барысымен және дайындық жұмыстарына тоқталып өтті.

Кеңес мүшелерінің қолдауымен және отырыстын шешімімен кеңес отырысында бұданда басқа ұйымдастырылу мәселелері қаралды.