«SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы »республикалық қоғамдық ұйымының Ақтөбе облыстық филиалына азық-түлік жиынтықтары, қорғаныс маскалары мен дезинфекциялық заттар жеткізілгені туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Ақтөбе, 18 наурыз, 2020 жыл

ҚР Заңнамаларына сәйкес короновирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында  және тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін  ҚР аумағында төтенше жағдай жарияланды.

Ақтөбе облыстық «SENIM» денсаулық сақтау саласының кәсіподақ мүшелері арасында короновирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, сақтандыру шаралары жүргізілуде. Жұмыс комиссиясы құрылды, мамандардың кезекшілік кестесі жасалып, қашықтан жұмыс жүргізу әдісі енгізілді. Осы Қазахстан халқы үшін қиын уақытта біздер бәріміз бірге болып, бір-бірімізді қолдау білдіріп, ақпараттық- түсіндіру жұмыстарына басты назар аударып, оның ішінде әлеуметтік желідегі алып -қашпа сөздер мен арандату істерін болдырмау, халық тұтыну тауарларының ретсіз сұранысын туғызатын жағдайларды тудырмау шараларын назарға алуымыз керек.

Ақтөбе облыстық «SENIM» кәсіподағы басшылығы денсаулық сақтау саласының 70 ардагеріне арнайы азық-түлік жинағын, медициналық маскалар, дезинфекция құралдарын дайындады.  Азық-түлік қатарында  сұйық май, шекер, шәй, шәй құралдары,  қүріш және қарақұмық бар. Бұл заттарды ардагерлердің үйлеріне кәсіподақ ұйымының төрағаларымен мен еріктілер жеткізіп беруде.