«SENIM» КӘСІПОДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары медицина қызметкерлері арасындағы аз қамтылған отбасыларына 4 370 000 теңге көлемінде азық-түлік көмегін көрсетті.

Кәсіподақ ұйымдары қоғамның ең үлкен бөлігі ретінде медицина қызметкерлерінің қамқорлықты қажет ететін мүшелеріне қолдау көрсетуді ешқашан назардан тыс қалдырған емес.

#БІЗБІРГЕМІЗ.

#БІР-БІРІМІЗГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕЙІК!