«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық одағының Ақтөбе облыстық филиалы аймақтағы коронарлық вирустық инфекцияның алдын-алу, диагностикалау және емдеумен тікелей айналысатын медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетеді

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының үш стационарлық мекемесінде: облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, уақытша аурухана және карантинді  госпиталде короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында медицина қызметкерлері тәулік бойына тынымсыз жұмыс жасауда.

«SENIM» кәсіподағы қызметкерлерге жеке күтім құралдарын (сұйық сабын, қағаз сүлгілер, дәретхана қағазы, қол кремі, құлақ таяқшалары), төсек-орын (жиынтық), азық түлік жиынтықтары (кофе, шай жиынтықтары мен  тәттілер) және электр шайнектерін сатып алынды.

Сонымен қатар, 132  жедел жәрдем қызметкерлеріне  гигиена құралдарын алуға әр қайсысына 5000 теңге көлемінде  барлығы 660 000 теңге бөлінді.

«SENIM» денсаулық сақтау саласының кәсіподағы біздің қоғам үшін қиын кезеңді және медициналық қызметкерлердің ерекше жауапкершіліктері мен ерліктерін  түсінеді. Біз бүгін олардың ең қымбатты — өмірі мен денсаулығына, оның ішінде жақын және қымбатты адамдарына қауіп төндіретінін бәріміз түсінуіміз керек.

Біздің еліміз осы қиын күндерді лайықты өткереді. Біз біргеміз!

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалының
төрағасы, аймақтық жедел уәкіл
таратудың алдын алу штабының мүшесі               

Қ.Сабыр