Біз Сіз үшін жұмыста қалдық, Сіз Біз үшін үйде болыңыз!

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы, Облыстық жедел-жәрдем станциясының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері  коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында әлемде жүргізіліп жатқан «Біз Сіз үшін жұмыста қалдық, Сіз Біз үшін үйде болыңыз!» челленджіне қосылды.

Осылайша дәрігерлер облыс тұрғындары адамдар  жаппай жиналатын жерлерге бармай,  өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайды деп үміттенеді.

— Бізде де отбасы бар, бірақ біз Сіздер үшін жұмыстамыз. Жауапты болып, мұқтаждықсыз көшеге шықпауларыңызды және тазалық мәселесіне көбірек көңіл бөлген абзал!  ЖРВИ симптомдары біліне бастаған сәттен жедел түрде дәрігерге жолығуыңызды сұраймыз. Біз толық ынтымақтастыққа дайынбыз. Бізді қолдаңыздар, біз Сіздің денсаулығыңызды сақтауға жұмыстанамыз! – деп мәлімдейді облыс дәрігерлері.

Бірлік пен ынтымақтастықтын арқасында ғана біз бұл індетті жеңіп, бұл қиындықтан тезірек шығатындығымызға сенімдіміз. «БІЗБІРГЕМІЗ»