«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы мен кәсіподақ ұйымдары бірігіп, індетпен күрестің алғы шебінде жүрген қызметкерлерге көмек акцияларын өткізуде

Төтенше жағдай еңгізілген уақыттан бастап, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық одағының Ақтөбе облыстық филиалы   аймақтағы коронарлық вирустық инфекциясының алдын-алу және емдеумен айналысатын медицина қызметкерлеріне, Ақтөбе қаласының кіреберісіне қойылған болк-бекеттердегі мамандарға қолдау көрсетіп, тікелей байланыста жұмыс жасауда.

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы мен кәсіподақ ұйымдары бірігіп, індетпен күрестің алғы шебінде жүрген қызметкерлерге көмек акцияларын өткізуде.

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының 6 стационарлық мекемесінде : облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, уақытша аурухана және карантинді  госпитальде короновирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында 800 астам медицина қызметкерлері тәулік бойына тынымсыз жұмыс жасауда.

«SENIM» кәсіподағының өз бюджетінен қызметкерлерге барлығы 477 363 теңгеге жеке күтім құралдары (сұйық сабын, қағаз сүлгілер, дәретхана қағазы, кір сабыны мен кір жуатын ұнтақ, шампунь, тіс тазартатын паста, құлақ таяқшалары), азық түлік жиынтықтары (кофе, какао, макарон, кіріш, сұйық май, сүт, шай жиынтықтары мен  тәттілер) және электр шайнектері, өтік, қысқа толқынды пеш  сатып алынды. Сонымен қатар 7 медицина мекемесі, 66 күрделі жағдайға тап болған мұқтаж жандарға антисептик құралдары табыстады.

«Денсаулық» жеке кәсіпкерлігімен шартқа отырылып 100 дана төсек жаймалары мен 30 обаға қарсы арнайы костюмдер тіктіріліп провизорлық және карантиндік стационарларға таратылды.

Стационарлық мекемелерге күн сайын ішілетін «Хрустальная» ауыз суы жеткізіліп жатыр.

2020 жыл 22 сәуір «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы бойынша 6 866 152 (алты млн сегіз жүз алпыс алты мың бір жүз елу екі) теңге корсетілген  қаражат көмегі.

Ақтөбе медицина орталығының кәсіподақ ұйымы өз мамандарына 200 медициналық бас-киім, 1000 бет перде алып берді.

Коронавирус пандемиясы кезінде бірінші қатарда жасап жатқан мамандарға «Гринланд» демалыс орнында және «Мұнайшы» лагерінде тынығып, демалу үшін жағдайлар жасалған.

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалының қызметкерлері Онлайн режимде жұмыс жасап жатыр, кәсіподақ мүшелерімен құқықтық кеңес беруде тікелей байланыста, соның ішінде еңбекақы төлеу барысында  жұмыстар жасалып жатыр.

«SENIM» денсаулық сақтау саласының кәсіподағы біздің қоғам үшін қиын кезеңді және медициналық қызметкерлердің ерекше жауапкершіліктері мен ерліктерін  түсінеді. Біз бүгін олардың ең қымбатты — өмірі мен денсаулығына, оның ішінде жақын және қымбатты адамдарына қауіп төндіретінін бәріміз түсінуіміз керек.