6 мамыр 2020 жылы «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні баршамыз үшін ұлы мейрам болып табылатыны сөзсіз. Міне, “Біз жеңдік!” деп сүйіншілеген күнге де 75 жыл толып отыр.
Бұл мереке – соңғы демі қалғанша күрескен жанқиярлық ерліктің, халқымыздың даңқының жарқын көрінісі. Бүгінгі Тәуелсіздік тұғырының берік, еліміздің өркендеуі мен бірліктің бұзылмас қамалы осынау ардагерлердің және тыл еңбеккерлерінің ерлігі.
Біздің парызымыз – алапат соғыстағы жеңістің бізге қалай келгенін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне ұдайы қамқорлық көрсету.
Ұлы Жеңіс күні — бұл жыл сайынғы аталып өтетін мейрамның ерекше және құрметтi орны бар. Біздің болашағымыз үшін құрбан болған миллиондаған адамдарды еске алу үшін, әрбір қазақстандық бұл мерекені Отанға деген сүйіспеншілігінің нышаны ретінде атап өтеді. Бүгінде қатары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалынан өз тарапынан 45 адамға, оның ішінде соғыс ардегерлері, жалғыз басты зейнеткерлермен мүгедектер, сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне 500 000 теңге қаражат бөлінді. Кәсіподақ мүшелерінің еріктілері ардагерлерге Алғыс хат табыстады, азық-түлік пакетімен 5000 теңге көлеміндегі қаражатты әр отбасына жеткізді.
Өз кезегінде майдан даласынан аман оралған ардагерлер, сондай-ақ, тылда еңбек еткен қариялар: Ворожейкин Алексей Григорьевич, Карасева Татьяна Тихоновна, Ажгереева Балзия Кобдабаевна, Голополосова Клавдия Васильевна, Овсянников Геннадий Васильевич, Мартынова Нина Павловна, Галкина Анна Семеновна, Хромова Лидия Михайловна, Кирчу Василиса Дмитриевна «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалына қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіріп, олардың еңбектеріне табыс тіледі.
Сонымен қатар Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің КЕАҚ кәсіподақ ұйымы өз тарапынан 30 соғыс ардегерлеріне, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге, сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне 1 000 000 теңге көлемінде қаражат бөліп, азық-түлік пакетімен 20 000 теңге сомасында қаражат Сертификатын табыстады. Оған қоса, Қарғалы аудандық ауруханасы 15 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерге, сонымен қатар тыл еңбеккерлеріне 75 000 теңге көлемінде қаражат бөліп, азық-түлік пакетін жеткізді.