«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 індетіне қарсы күресте бей-жай қарамай, облыс көлеміндегі медициналық ұйымдармен етене араласып, бірлесе жұмыс атқаруда.

Емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін жасау мақсатында облыстық,аудандық, қалалық емханаларға келген науқастардың дене қызуын ара қашықтықтан өлшеу үшін термометр (инфракрасный термометр) және медицина қызметкерлеріне көп реттік пайдаланатын қорғанушы бетперделер (маскалар) таратылып берілді. «Senim «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ- нің Атырау облыстық филиалы біздің қоғам үшін қиын кезеңде ерекше жауапкершілікпен күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп, денсаулықтарына қауіп төнседе, адамдарды аты жаман індеттен арашалау үшін, жанталасып жүрген ақ халатты жандарға шексіз алғыс білдіреді.

«БІЗ БІРГЕМІЗ, БІЗ ЖЕҢЕМІЗ»