«Senim» Атырау облыстық филиалы барлық ер азаматтарды 7 мамыр Отан қорғаушылар кунимен құттықтайды.

Құрметті ер азаматтар! «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы барлық ер азаматтарды 7 мамыр Отан қорғаушылар кунимен құттықтайды.

Қаһармандық дәстүрдің жарасымды жалғасы іспетті еліміздің бейбіт болашағы үшін жарияланған 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!

Бұл күннің мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары, себебі әрбір қазақстандықтың ұлы да, құрметті міндеті – Отан қорғау.

Туған еліміздің іргесі бүтін, тәуелсіздіктің көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, ынтымағымыз ырысты, берекеміз бекем болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.